Теннис

Неге теннис жұлдыздары Олимпиаданы елемейді

Неге теннис жұлдыздары Олимпиаданы елемейді
news-banner7
mobile-news-top

Федерер, Серена мен Надаль Токиоға бармады. Неге әлемнің мықты теннисшілері төртжылдықтың басты додасына барудан бас тартты? Токиоға келмеген теннисшілердің саны Рио Олимпиадасымен салыстырғанда бірнеше есе көп.

Теннис жанкүйерлері Олимпиадада Роджер Федерер, Рафаэль Надаль, Серена Уильямс, Виктория Азаренко секілді мықты ойыншылардың өнерін тамашалай алмайды. Теннисшілердің Олимпиадаға қатыспауына бірнеше себеп бар. Оған теннис маусымының күнтізбесі өзге спортқа ұқсамайтынын айта кету керек. Әр апта сайын, жыл он екі ай бойы түрлі жарыстар өтеді. Оған қоса, төрт жылда бір келетін Олимпиада мүлдем күнтізбеге сай келмейді.

Көп теннисшілер Олимпиада келместен бұрын ұзақ уақыт дайындалып, басқа жарыстарға қатысудан бас тартты. Осылайша, олар әлем рейтингіндегі ұпайдан қағылады. Бұған қаржылай сыйақыларды қоса кеткен жоқ.

Жарыстардың жиі өтуі, күнтізбенің тығыз болуы теннисшілердің көп жарақат алуына әкеп соғады. Мысалы, Италия құрамасының көшбасшысы Маттео Берреттини соңғы сәтте Олимпиадаға бармайтынын мәлімдеді. Ол Уимблдон жарысының жартылай финалында жарақат алып, дәрігерлердің кеңесімен уақытша кортқа шықпайтын болды. Жарақатының салдарынан Токиоға Стэн Вавринка, Хуан-Мартин дель Потро, Симона Халеп, Борна Чорич келе алмады.

Теннис өзге спорттан тек күнтізбе бойынша ғана емес, ойыншыларымен де ерекшеленеді. Аустриялық теннисші Доминик Тим Олимпиада ол үшін екінші деңгейлі жарыс болып қала беретінін айтқан. Ол бірінші орынға «Үлкен дулыға» жарысын қояды екен. Осы сияқты көптеген теннисші үшін Олимпиада ойындары маңызды жарыс саналмайды.

Олимпиадаға бағдарламасына теннис 1988 жылы қайта қосылған. Дегенмен теннисшілер өткен ғасырдың соңында да, 2000 жылдардың басында да Олимпиадаға көп қатыспайтын. Кейінгі Олимпиада ойындарынан тек 2012 жылы Лондонда өткен жарыста біраз теннисші бақ сынады. Бұған Олимпиадада теннисшілер Уимблдон жарысындағы кортта бір айдан соң ойнауы себеп болды. Спортшыларға климат пен кортқа үйренісудің қажеті жоқ еді. Нәтижесінде, жүлдегерлер қатарынан Серена, Шарапова, Азаренко, Маррей, Федерер мен дель Потро көрінді.

2016 жылы Рио Олимпиадасына Латын Америкасында табылған Зико вирусынан қорыққаннан келмеген теннисшілер болды. Жалпы саны 12 лицензия иегері Бразилияға барудан бас тартқан. Токиода осы жағдай қайталанып тұр. Коронавирус өршіген сәтте жарыстарда тексеру артып, тыйымдар көбейген. Оған қоса вирустың салдарынан турнирлер де, Олимпиада да көрерменсіз өтіп жүр. Аустралиялық теннисші Ник Кирьос тек көрермен алдында ойнағанды ұнататынын, бос трибунада өнер көрсеткесі келмейтінін тіке айтқан.

Олимпиадаға аз уақыт қалғанда вирус жұқтырған теннисшілер де бар. Уимблдонда бақ сынаған британиялықтар Даниэль Эванс пен Йоханна Конта, аустариялылық Алекс де Минор мен америкалық Кори Гауфф коронавирус жұқтырды. Көп құрама теннисшілерінен айырылып, Олимпиада толық құрамын апара алмай отыр. Беларусь командасы Виктория Азаренконың келмеуінің салдарынан жеке және жұптық сындағы бір-бір жолдамасынан қағылды.

Токио Олимпиадасына бас-аяғы 60 теннисші қатыспайды. Ерлер арасында 40, ал қыздар арасынан 20 теннисші төртжылдықтың басты додасында бақ сынамайды.

Токиодан Prosports.kz тілшісі Айбар Рысдәулет

Фото: NBC News, Sky Sports

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер