Олимпиадада ту ұстаушылар ауысуына байланысты Өзбекстан құрамасында жанжал туды

Олимпиадада ту ұстаушылар ауысуына байланысты Өзбекстан құрамасында жанжал туды

Олимпиадада ту ұстаушылар ауысуына байланысты Өзбекстан құрамасында жанжал туды, - деп хабарлайды prosports.kz.

17 шілдеде елдің Ұлттық Олимпиадалық Комитеті (ҰОК) Оксана Чусовитина мен боксшы Бобо-Усмон Батуров Токиодағы ойындардың ашылу салтанатында ту ұстаушылар болатынын мәлімдеuty. Кейінірек боксшы Баходир Джалолов пен таэквондошы Нигора Турсункулова алып шығатыны белгілі болды.

Атақты гимнаст Чусовитина Sputnik Өзбекстанға берген сұхбатында шешімнің не үшін өзгергенін білмейтінін айтты.

«Білесіз бе, олар маған не үшін шешімді өзгерткендерін түсіндірген жоқ. Маған жай ғана «сен ту ұстап шықпайсың» деді. Олимпиадаға деген ынтамды түсірді. Адам ретінде түсіндіруге болады ғой, мен бәрін түсінетін едім», - деді гимнаст.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202107/201131_67016c3b144cc0525c5cb3cfa81fdf52.webp" /></picture>

Чусовитинаның баспасөз хатшысы Юрий Белолипецкийдің айтуынша, гимнастты ауыстырудың себептері әлі белгісіз.

«Бұл өте жағымсыз жағдай. Неге бұлай болғанын түсіне алмай отырмын. Бұл қорлау», - деді Белолипецкий.

Ол «әлемдік көркем гимнастика аңызы неге соншалықты қорланып, соңғы Олимпиада ойындарында Өзбекстан Республикасының туын көтеріп жүруге лайық болмағанын» анықтауды ұсынды.

Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитеті мән-жайды түсіндірді.

«Гимнастика мен бокстан жарыстар 24 шілдеде басталады. Оксана Чусовитина 25 шілдеде іріктеу кезеңіне қатысады. Сондықтан Токио-2020 штаб-пәтері мен федерация басшылығымен келісе отырып, біздің отандастарымыз Оксанаға артық салмақ түсірмеуді ойлады. Сондықтан біздің делегацияның ту ұстаушылары Чусовитина мен Бобо-Усмон Батуров орнына зілтемірші Баходир Джалолов пен таэквондошы Нигора Турсункулова болады. Соңғы шешім 21 шілдеде қабылданды.

Ашылу салтанатына қатысу көп уақытты алады. Ұзақ уақыт тік аяқта тұрып, қалаға кеш қайтуды ескеру керек. Нигора Турсункулова 26 шілдеде, ал Баходир Джалолов 29 шілдеде жарысты бастайды», - деді Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202107/201131_8589b91ec6c1bf20221fb327b1f66d76.webp" /></picture>

Өзбекстандық 46 жастағы гимнастшы Оксана Чусовитина өзінің сегізінші және соңғы Олимпиадасына қатысады. Мұндай жағдай көркем гимнастика тарихында болған емес. Ол 7 рет жазғы олимпиадаға қатысқан жалғыз спортшы ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген.

Гимнас 32 жыл ішінде КСРО, Германия және Өзбекстан құрамаларының атынан әлемде 4 жылда бір рет өтетін басты додаларға қатысып, Олимпиада ойындарында, Еуропа, Азия және Әлем чемпионаттарында алтын алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или