Олимпиада-2020. Токиодан хабар
Дзюдо

Ғалымжан Жылгелдиев: Олимпиадада барлық дзюдошыдан үміт күтіп отырмыз

Ғалымжан Жылгелдиев: Олимпиадада барлық дзюдошыдан үміт күтіп отырмыз
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Олимпиадаға дайындық жайлы айтып, бүгін өткен жеребенің қорытындысына қатысты пікірін білдірді.

Дайындығымыз жақсы. Әлем чемпионаты, Азия біріншілігі, халықаралық жарыстардың бәрі Олимпиадаға дайындық болды. Жолдама иегерлері рейтинг арқылы сараланып алды.

Олимпиада бес дзюдошымыз жолдама алды. Бүгін жеребе тарту рәсімі болды. Елдос Сметов Аққұс (Түркия)/Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ерлан Серікжановтың алғашқы қарсыласы әзірбайжандық Орхан Сафаров болады.

Жансай Смағұлов армениялық Фердинанд Карапетянмен, ал Дидар Хамза моңғолиялық Саид Моллаимен жолығады. Ал Ислам Бозбаев әзірбайжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.

– Спарринг-қарсыластар жайлы айта кетсеңіз.

– Спарринг жайлы айта кетсем. Карантинге байланысты шектеу шаралары көбейді. Әрине, Олимпиадаға әр салмақта спарринг-қарсылас болғаны жақсы болар еді. Алайда ондай мүмкіндік болмады. Дегенмен бұл тек бізге емес, бүкіл әлемге қатысты шектеу.

Олимпиада қалашығында дайындық жақсы. Бәрі уақытылы. Бір жүйеге салынған. Қазір дзюдошыларымыз салмағын ретке келтіріп, татамиге шығуға дайындалып жатыр.

– Ұлттық құрама алдына қандай мақсат қойылған? Қанша жүлде алу жоспарда бар?

– Ешкім Олимпиадан жеңіліп қайтамын деп ойламайды. Кез келген спортшы жеңіске жетіп, әнұранды айтсам деген арманмен келеді. Әрине, барлық салмақта жүлде болғанын қалаймыз. Бәрінен үміт күтіп отырмыз. Нақты ештеңе айта алмаймын.

– Олимпиадаға дайындық әдетте кезең-кезеңге бөлінеді. Карантинге байланысты жарыс 1 жылға шегерілді.

– Биыл Олимпиадаға дайындық карантинге байланысты 5 жылға созылды. Әрине, әсері болады. Бірақ бұл тек бізде ғана емес, бүкіл әлемге қатысты. Дегенмен спортшыларыз күні түні дайындалып жаттығып жатыр. Оларға барлық жағдай жасалынды.

– Дидар Хамза кейінгі жарыстарда алғашқы айналымнан ары аса алмай жүр. Бұған не себеп?

– Дидарға келсек, ол өте мықты спортшы. Бәріміз білеміз, Азия ойындарын жеңіп алды. Кейінге кезде жарақаттары әсер етіп, нәтижесі әлсірей түсті. Қазір психологиялық тұрғыдан, дайындығы жағынан қазір бәрі жақсы. Біздің спортта көп нәрсе жеребеге байланысты. Бұл жағынан Дидардың жолы болмай жүрді. Алғашқы кезеңдерде әлем чемпионы секілді спортшыларға қарсы түсті.

– Дзюдошылардың Олимпиадаға психологиялық дайындығы қалай?

Спортшыларға Олимпиаданы ерекше қиындық ретінде көрмеңдер деп айтамын. Сол көріп жүрген, кездесіп жүрген дзюдошылар. Қарсыластары сол бұрынғы жарыстардан. Балалардың көңілдері жақсы, дайындығы орынды.

Токиодан Prosports.kz тілшісі Айбар Рысдәулет

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер