Конференция лигасы. «Астана», «Тобыл» мен «Шахтердің» матчтарының тікелей трансляциясы

Конференция лигасы. «Астана», «Тобыл» мен «Шахтердің» матчтарының тікелей трансляциясы

22 шілдеде қазақстандық үш клуб еуропалық жаңа турнир – Конференция лигасында өнер көрсетеді. Командалар еуросапарын екінші іріктеу кезеңінен бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» Нұр-Сұлтанда Грекия чемпионатының қола жүлдегері – салониктік «Ариспен» кездеседі. Ойынды тікелей эфирде «Ел Арна» телеарнасы көрсетеді. Трансляция елорда уақытымен 18:55-те басталады, оны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Ал қарағандылық «Шахтер» Конференция лигасындағы дебютін сырт алаңда румыниялық «Стяуаға» қарсы өткізеді. Бұл клуб қатарынан екінші мәрте өз елінің күміс жүлдегері атанған. Бұл матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бухаресттегі ойынның трансляциясы 00:20-да басталады, мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда хорватиялық «Хайдукпен» кездеседі. Сплиттік клуб Хорватия чемпионатында төртінші орын алған. «Хайдук» – «Тобыл» матчының тікелей трансляциясы 00:50-де басталады, ойынды Qazaqstan телеарнасы көрсетеді. Кездесуді мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Фото uefa.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0