Всё, что надо знать об Олимпиаде-2020 в Токио: календарь, медали, шансы сборной Казахстана

Всё, что надо знать об Олимпиаде-2020 в Токио: календарь, медали, шансы сборной Казахстана

Токиодағы Олимпиада ойындарын қазірдің өзінде тарихтағы ең ерекшесі деп айтуға болады. Өйткені, бір жылға шегерілген дода «Токио-2020» брендін сақтап қалды. Бұған қоса, Олимпиада өтетін уақытта Токиода төтенше жағдай жарияланды. Олимпиада ойындарына арнайы аттанған Prosports.kz журналисі Айбар Рысдәулет Токиодағы байрақты бәсеке жайлы бар мәліметті жинады.

Олимпиада ойындарының күнтізбесі

Олимпида ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтеді. Байрақты бәсекенің шымылдығын софтбол мен футбол матчтары ашты. Ал Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты 23 шілдеде өтеді. Сол күні академиялық ескек есу мен садақ атудан спортшылар сынға түседі. 

Алғашқы жүлделер 24 шілдеде ойнатылады. Велосопрт, дзюдо, садақ ату, оқ ату, тхэквондо, ауыр атлетика мен семсерлесуден жеңімпаздар анықталады. 

Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты

Ашылу салтанаты 23 шілдеде Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Карантинге байланысты Олимпиада стадионында өтетін ашылу салтанатында көрермендер болмайды.

Лондон Олимпиадасының чемпионы, жазғы Олимпиаданың жүлделер жиынтығының толық иегері Ольга Рыпакова және бокстан ұлттық құраманың капитаны, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Токиода Қазақстан Олимпиада құрамасының Ту ұстаушылары ретінде таңдалды. Ал Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 8 тамызда өтеді. 

Олимпиада бағдарламасына қандай спорт түрлері енген

Олимпиадада спорттың 40 түрінен 339 жүлде сарапқа салынады. Рио Олимпидасымен салыстырғанда 36 жүлдеге көп. Өйткені бағдарламаға жаңадан бес спорт түрі енді. Олар: баскетбол 3х3, карате, сёрфинг, құзға өрмелеу және скейтбординг. Сондай-ақ 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиададан соң бағдарламадан алынып тасталған бейсбол мен софтбол қосылды.  

Токио Олимпиадасының спорт бағдарламасы

Академиялық ескек есу, ат спорты, ауыр атлетика, бадминтон, байдарка мен каноэде ескек есу, баскетбол, баскетбол 3х3, бейсбол/софтбол, бок, велоспорт, волейбол, гандбол, гольф, дзюдо, заманауи бессайыс, жеңіл атлетика, желкенді қайық спорты, жасыл алаңдағы хоккейжүзу, карате, көркем гимнастика, күрес, құзға өрмелеу, оқ ату, суға секіру, батутта секіру, регби-7, садақ ату, семсерлесу, сёрфинг, синхронды жүзу, скейтбординг, спорт гимнастикасы, слалом есу, су добы, теннис, триатлон, тхэквондо, үстел теннисі, футбол.

Жаңадан қосылған спорт түрлерінен, дәлірек айтқанда бейсбол мен софтбол, серфинг және сейтбордингте қазақ спортшылары бақ сынамайды. Ал спорттық құзға өрмелеуден ел намысын Ришад Хабиуллин сынайды. Каратеден Дархан Асаділов рейтингте қарсыласынан 1000 ұпай алда болғандықтан мерзімінен бұрын Олимпиада лицензиясына иелік етті. Ал Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) мен Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) Парижде өткен лицензиялық жарыста жеңіп алды. Ал Софья Берульцева (+75 келі) мен Данияр Юлдашев (+61 келі) құрлықтық жолдамаға ие болды.

Ойнатылатын жүлделер саны жағынан жеңіл атлетика (48 жүлде) мен жүзу спорты (37 жүлде) алда тұр. 

Олимпиадада бақ сынайтын Қазақстан құрамасы

Қазақстандық спортшылар Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына спорттың 27 түрінен 97 жолдама жеңіп алды. Нәтижесінде біздің олимпиадалық құрамға 97 спортшы кірді.

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова үшін бұл дода  мансабындағы төртінші Олимпиадасы болмақ. Бүгінде оның қоржынында олимпиада медальдарының толық жиынтығы бар. Осыған дейінгі қатысқан барлық Олимпиада ойындарында ол жүлдемен оралған болатын.

Су добынан ерлер құрамасы командалық ойын түрлерінен жарысқа қатсатын қазақстандық жалғыз құрама болып отыр. Олар Олимпиада ойындарына сегіз жылдан кейінгі үзілістен соң оралды.

Олимпиаданың көшбасшылары

Кейінгі үш Олимпиадада алғашқы екі орынды АҚШ пен Қытай спортшылары бермей келеді. Жүлде саны жағынан АҚШ кейінгі екі Олимпиада көш басында болды. Үздік үштіктегі орынға жарыс қожайыны Жапония мен көрші Ресейдің спортшылары таласары сөзсіз. 

Қазақстан Олимпиадада қанша жүлде алады?

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадаға 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алып, ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Gracenote статистикалық агенттігінің болжауынша, Қазақстан спортшылары 16 медальді қанағат тұтады. Оның біреуі ғана алтын болады. Қоржынға тағы 5 күміс және 10 қола түседі. Жалпы саны 16 жүлдемен Қазақстан 30-40 орындарды алады.  

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылы 23 шілде мен 9 тамыз аралығында Жапонияда өтеді. Коронавирус пандемиясына байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылдың 24 наурызында Олимпиаданы «2020» жазуын сақтай отыра бір жылға кейінге шегеруді шешті. Бастапқыда Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілде мен 8 тамыз аралығына жоспарланған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы Олимпиада бұрын-соңды болмаған ең инновациалық Олимпиада болады. 206 ҰОК-тен 11090 спортшы қатысады деп жоспарланған. Спортшылардың 49%-ы әйелдер болмақ. Ол гендерлік теңдікті білдіреді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или