Велоспорт

Қазақстандық велосипедшілердің тәлімгері алдағы медальдарға үміткердің есімін атады

Қазақстандық велосипедшілердің тәлімгері алдағы медальдарға үміткердің есімін атады
news-banner7
mobile-news-top

Велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Асан Базаев федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында қазақстандық велошабандоздардың Токиодағы Олимпиада ойындарында медаль алу мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алексей Луценко қазір жақсы формада, ал оның «Тур де Франс» жалпы жіктеуінің топ-7-дегі кейінгі нәтижесі көп нәрсені көрсетеді. Дмитрий Груздев те «Турдан» кейін жақсы формаға келді. Вадим Пронский кейінгі екі аптада Ливиньодағы биік таулы оқу-жаттығу лагерінде жаттықты, тауда дайындалған ол қазір өзінің физикалық жағынан жақсы екенін біледі. Олардың басты міндеті – Алексейге ең қолайлы жағдайда кейінгі 50 шақырымға жетуге көмектесу. Жарыс өте қиын болады, жолдың жалпы ұзындығы – 234 шақырым, биіктігі – 5000 метр. Ауа-райы + 32 градус, жаңбыр мен ылғал бар, бұл велошабандоздардың жұмысын қиындатады. Соған қарамастан, мен Алексейдің мүмкіндігі өте жоғары деп санаймын. Бірақ, әрине, велосипедпен жүру, әсіресе топтық жарыс әрқашан «лотерея» екенін ұмытпаңыз. Тіпті өте жақсы дайындалған велошабандоздар керек уақытта керек жерде болмауы мүмкін.

Жалпы, Алексей соңғы үштікке еніп, медаль алуы мүмкін. Сондықтан, біз тек спортшыларымызға сәттілік тілейміз!», - деді Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Асан Базаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер