Олимпиада-2020. Токиодан хабар
Басқа

Қазақстан Олимпиадада қанша жүлде алады

Қазақстан Олимпиадада қанша жүлде алады
news-banner7
mobile-news-top

Gracenote статистикалық агенттігі Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қай елдің қоржынында қанша медаль кететінін болжады.

Статистикалық агенттіктің сараптауы бойынша, жапон жерінде АҚШ спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алады. Америкалық спортшылар 43 алтын, 30 күміс, 41 қола медаль еншілейді деп болжанған.

Жүлде саны жағынан екінші орынға Қытай жайғасады. Көрші елдің спортшылары 85 медаль алуға қауқарлы дейді статистикалық агенттік. Қытай спортшыларының қоржынында 38 алтын 23 күміс 24 қола болады.

Жарыс қожайындары Жапония алтын жүлде санынан үштіктен көрінеді. Жапондар 34 алтын 16 күміс 9 қола алады деп болжанған.

Ресей Олимпиада құрамасы биыл тағы байрақсыз өнер көрсетеді. Дегенмен орыс спортшылары үздік бестікке ілінеді. Сондай-ақ үздіктер қатарында Нидерланды бар.

Агенттіктің болжамынша, Қазақстан спортшылары 16 медальді қанағат алады. Оның біреуі ғана алтын болады. Қоржынға тағы 5 күміс және 10 қола түседі. Жалпы саны 16 жүлдемен Қазақстан 30-40 орындарды алады.

"Gracenote" 2016 жылы өткен Рио Олимпиадасында қазақ спортшылары 4 алтын 3 күміс 9 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 23-орын алады деп болжаған еді. Бразилия жерінде қазақ спортшылары 3 алтын 5 күміс 9 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 22-орын алды.

Токиодан Prosports.kz тілшісі Айбар Рысдәулет

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер