Серхио Рамос: Мессиге менің командамнан қашан да орын табылады

Серхио Рамос: Мессиге менің командамнан қашан да орын табылады

Франциялық ПСЖ-ның қорғаушысы Серхио Рамос «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессимен бір командада ойнағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін шетелдік БАҚ-та Месси еркін агент атанған соң франциялық клубқа ауысуы мүмкін екені хабарланған. 

«Маған үздіктермен ойнаған ұнайды, ал Месси – әлемдегі үздіктердің бірі. Бұрын айтқанымдай, оған менің командамнан қашан да орын табылады», - деді Рамос. 
Айта кетейік, Рамос ПСЖ-ға дейін мадридтік «Реалдың» капитаны болған еді. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или