Бокс

«Көңіл-күйіміз тамаша». Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиадаға дайындық туралы пікірін айтты

«Көңіл-күйіміз тамаша». Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиадаға дайындық туралы пікірін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі әрі команданың ту ұстаушысы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасы қарсаңында өз ойымен бөлісті. Боксшы олимпиадалық ауылдағы ұйымдастыру деңгейі жоғары екенін алға тартты, деп жазады Olympic.kz.

«Көптен күткен Токио Олимпиадасының да басталуына санаулы күндер қалды. Бүгінде Қазақстан командасы Жапония жеріне табан тіреді. Мұнда коронавирусты инфекцияға байланысты тыйым өте көп. Ережелердің барлығын сақтап жүрміз. Бірнеше рет ПТР тест тапсырып, деніміздің сау екенін қайта-қайта дәлелдеуге міндеттіміз. Қауіпсіздікті сақтау үшін көп көңіл бөлініп жатыр. Қазіргідей пандемия жағдайында бұл өте дұрыс қадам деп есептеймін.

Кеше команданың алғашқы жаттығуы өтті. Бәрі де көңілден шығады, бәрі де жоғары деңгейде. Көңіл-күйіміз де тамаша. Бапкерлер бізді бұл додаға жақсы дайындады. Осы орайда, барша қазақстандық жанкүйерді біздің команданы қолдауға шақырамын. Сіздердің қолдауларыңыз мұндай маңызды сәтте аса қажет», - дейді бокстан команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер