Олимпиада-2020. Токиодан хабар
Теннис

Андрей Голубев: Қазақ тілін үйрену аса қиын емес екен

Андрей Голубев: Қазақ тілін үйрену аса қиын емес екен
news-banner7
mobile-news-top

Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі, Олимпиада жолдамасының иегері Андрей Голубев төртжылдықтың басты додасына дайындығы жайлы және Токиодағы байрақты бәсекеден не күтетінін айтты. Сондай-ақ қазақ тілін үйреніп жүрген теннисшіден қазір қандай деңгейге жеткенін сұрадық.

- Қазір Гамбургтемін. Жапония билігінің нұсқауы бойынша құжаттарды реттеп, коронавирусқа тест тапсырдық. Алдағы күні үйге қайтып, сосын Токиоға жол тартамын.

- Олимпиадаға дайындығыңыз қалай?

- Түрлі турнирлерге қатысып дайындалып жатырмын. Кукушкиннің дайындығы бөлек, әрине. Олимпиадаға Гамбург турниріне қатысуға өтініш берген соң баратынымызды білдік. Дегенмен Олимпиада қатардағы жарыстардан аса ерекшелігі жоқ қой. Сол қатысып жүрген теннисшілер келеді.

- Коронавирус қайта өршіген уақытта өтетін Олимпиадаға бару қаншалықты қауіпті?

- Әдетте жарыстарға қалай баратынымызды өзіміз шешіміз. Пойызбен барамыз ба, ұшақпен ұшамыз ба, қатардағы жолаушылармен барамыз ба әлде бизнес-класқа отырамыз ба, өзіміз білетін едік. Бұл жерде әр спортшының жауапкершілігіне байланысты. Мен барынша өзге адамдармен байланысты азайтуға тырыстым.

Ал Токиода басқаша. Алдын ала дайындалған протокол бар. Бұл басты проблема дер едім. Өйткені спортшыларды арнайы орынға апарады. Ол жерде бір қабатта отыздай спортшы тұрады. Қасыңда жүрген адамның ауырған ауырмағанын білмейсің. Егер бір жерден вирус жұқтырсаң, сенен басқа кінәлі адам болмайды. Бұл дұрыс емес дер едім.

- Аустралиядағы жарыстан соң теннисшілер қатты карантинге үйренісіп қалған шығар...

- Әрине, жоқ. Жапония билігі карантин шараларын күн сайын өзгертіп жатыр. Вирус жұқтырғаныңды білсе, екі аптаға карантинге жабады. Бабыңды жоғалтып, тіпті, жарыстан шет қалуың мүмкін. Бұл спортшылар үшін үлкен соққы.

- Токиоға барған соң жергілікті климатқа үйренісу қалай өтеді?

- Біз, теннисшілер жылына кем дегенде он рет ұшамыз. Алыс жолға үйреніп қалдық. Сондықтан бір қиындық туады деген ой жоқ. Жарыс алаңына шығарда ұйымдастырушылар спортшылардың жағдайына қарайтын шығар. Кеш келгендерді іріктеу жарысының соңына қояды дегендей.

- Сіз дайындалып жатқан жердегі төсеніш Олимпиадағыдан бөлек. Мұның әсері қандай?

- Иә, басқа төсеніште дайындалып жатырмын. Дегенмен Токиоға барған соң бір апта үйренуге уақыт болады. Бұл теннисшілер үшін үйреншікті нәрсе. Әрине, бір-екі ай төсенішке үйренісіп, ойнаған жақсы ғой.

- Қазақ тілін үйреніп жүргеніңізді білеміз. Нәтиже қалай?

- Жұбайым қазақ екенін білетін шығарсыздар. Шындығына келгенде, қазақ тілін үйрену аса қиын емес. Мысалы, қазір Германияда неміс тілін үйрену қиынға соғуда. Ал қазақ тілінде тәуелдеу, септеуді енді үйреніп жатырмын.

- Олимпиададан қандай нәтиже күтесіз? Биыл Токиоға бұрын-соңды болмаған 8 теннисшіміз барады.

- Дәл қазір біздің теннисшілер әлем рейтингінде жоғары тұр. Бұл бүкіл Қазақстан үшін жақсы нәтиже. Олимпиада медиалық тұрғыда үлкен қару. Бұл Олимпиада жастарға үлкен әсерін тигізіп, спортқа баулуға септігін тигізеді деп ойлаймын.

Олимпиадаға нақты кімдердің қатысатынын білмейміз. Әзірге тек жаңалықтардан естіп жүрміз. Жұптық сында кімдердің келетінін мүлдем білмеймін. Сондықтан қандай да болжам айту қиын. Қарсыласымыздың кім болатынын да білмейміз.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер