Олимпиада-2020. Токиодан хабар
Басқа

Токиода Олимпиадаға қатысушыларды қалай күтіп алады?

Токиода Олимпиадаға қатысушыларды қалай күтіп алады?
news-banner7
mobile-news-top

Биылғы «ерекше» Токиодағы Олимппиада ойындарына келушілердің саны күн сайын артып келеді. Жапон астанасында өтетін төрт жылдықтың басты додасына бір аптадан аз уақыт қалды.

Ұйымдастырушы комитет әлемдегі коронавирус ахуалын ескере отырып, ковидқа қарсы шараларды күшейткен. Оны елде жүріп-ақ түсінесіз. Спортшылар үшін де, делегация үшін де карантин шарасы қатты.

Олимпиадаға аккредитация алған кез келген адам Жапониядағы қалай жүріп-тұратынын жоспарлап, Ұйымдастырушы комитеттен рұқсат алу қажет. Сосын OCHA деп аталатын (жапонша «оча» деп айтылады) қосымшаны смартфонға қондырып, оған денсаулық жайлы толық ақпарат, елдегі коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тесттердің нәтижесін жүктеу керек. Бұл процесс ұзаққа созылады. Өйткені, Жапония пандемия басталғалы өзге елден келетін туристерге есігін әлі күнге ашқан жоқ. Сондықтан Олимпиадаға келушілер рұқсат алған соң оларға арнайы QR-код беріледі. Ол – төлқұжат пен аккредитация секілді маңызды құжат.

Әуежайға қона салысымен күлімдеп жүрген еріктілерден естидің бірінші сөзіңіз «коницива» (жапонша амандасу) болса, екіншісі – «ОCHA». Бірақ QR-код алу қуануға болады деген сөз емес. Өйткені, әуежайда келушілерді саны көп станциялар, тексеру пунктері күтіп тұр. Әуежайдан шығып, көлікке отырамын дегенше 4-5 сағат уақыт өтеді.

Күлімдеп жүрген еріктілер құжатты қайта-қайта тексеріп, компьютерде бірдеңе жазып, жаңа сауалнамалар береді. Жапонияда болатын уақыт, коронавирус бар-жоғын анықтайтын тесттер, дене қызуы – назардан ештеңе тыс кетпейді. Бұған қоса, келушілер әуежайда ковидті анықтайтын экспресс-анализ тапсырады. Жапондардың тесті де ерекше, анализ тапсыру үшін түкіру қажет. Бізді күтіп алған медицина қызметкерлері «түкірш» деп қазақша айтқанда аң-таң болдық. Анализі теріс нәтиже көрсеткендерге қызғылт түсті талон беріп, келесі пунтке жібереді.

Сосын Олимпиада ойындарына аккредитацияны беріп, төлқұжат бақылауынан өтіп, багажды береді. Соңғы пункте бигль тұқымды ит бүкіл багажды бір тіміскілеп алып, әуежайдан шығуға «рұқсатын» береді. Айтпақшы, әуежайда журналистер қауымын Жапонияда тұратын Абай есімді қазақ кісі күтіп алды. Балалар хирургы болып істейтін ол Қазақстаннан Жапонияға келген әр азаматты күтіп алуға тырысатынын айтты. Карантинге дейін Токиода концерт берген Димаш Құдайбергенді де Абай қазақы қонақжайлығын танытып күтіп алған.

Жалпы алғанда Олимпиадаға ат басын бұрған кез келген адам әуежайдан қалаға шығу үшін 4-5 сағат уақытын жұмсайды. Дегенмен жапондар әр процессті қатаң қадағалап, бір ізге салған. Бірде-бір инстанцияда жарты сағаттан көп тұрмайсың, кез келген сұрағыңа жауап беріп, барынша көмек көрсетеді.

Коронавирус ахуалына байланысты Олимпиадада карантин шарасы қатты екенін жоғарыда жаздым. Спортшылар мен делегация Олимпиадаға келмес бұрын елде карантинде болғанына қарамастан Жапонияда тағы да оқшаулануға мәжбүр.

Токиодан Айбар Рысдәулет

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер