«Жауапкершілік өте жоғары». Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасына дайындық туралы
Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Токио Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы дайындық жұмысына кіріседі. Олимпиада ойындарында 87 келі салмақ дәрежесінде күресетін Нұрсұлтан Тұрсынов Olympic.kz<span> сайтына жаттығудың қалай өтіп жатқанын айтты. </span>
<span>«Токио Олимпиадасына дайындық жұмыстары тыңғылықты жүріп жатыр. Бірнеше оқу-жаттығу жиынына қатарынан қатыстық. Жауапкершілік өте жоғары. Бапкерлердің сенімі мен Қазақ елі үмітін ақтағым келеді. </span>
<span>Олимпиада ойындарында бір салмақ дәрежесі бойынша барлығы 16 балуан қатысады. Қарсыласым болатын 15 спортшының барлығының әдіс-тәсілдерін ескеріп, әрқайсысына дайындаламыз. Мәселен, кейбіреулерінің бойы қысқа, кейбіреулерінің бойы ұзын болады. Осы сынды ыңғайссыз қарсыластарды да ескеріп, соған сай шеберлігімізді шыңдап жатырмыз».</span>