Қазақстан паралимпиадашылары жеңіл атлетика турнирінде 18 медаль жеңіп алды

Қазақстандық паралимпиадашылар Чехияда өткен ашық турнирден 18 медаль иеленді, деп жазады ҚазАқпарат.
Чехияда пара жеңіл атлетикадан халықаралық ашық турнир аяқталды.
Жарысқа 8 елдің үздік атлеттері қатысты. Қазақстанның атынан ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, найза және диск лақтыру, жүгіру қашықтықтары тәртіптері бойынша 9 спортшы қатысып, 18 медаль жеңіп алды.
Ұлттық құраманың қоржынында 5 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль бар.
Алтын:
1. Мұқашбеков Дастан – ядро лақтыру
2. Мұқашбеков Дастан – диск лақтыру
3. Жоламан Еламан – найза лақтыру
4. Калкаев Аманат –100 метр қашықтыққа жүгіру
5. Хабибулин Руфат – найза лақтыру
Күміс:
1. Жоламан Еламан – диск лақтыру
2. Калкаев Аманат - 200 метр қашықтыққа жүгіру
3. Макшат Меийржан - 800 метр қашықтыққа жүгіру
4. Харламов Сергей – ұзындыққа секіру
5. Хабибулин Руфат - 100 метр қашықтыққа жүгіру
6. Хабибулин Руфат - 200 метр қашықтыққа жүгіру
Қола:
1. Жоламан Еламан – ядро лақтыру
2. Бакберген Калганат – найза лақтыру
3. Калкаев Аманат – ұзындыққа секіру
4. Харламов Сергей - 100 метр қашықтыққа жүгіру
5. Харламов Сергей - 200 метр қашықтыққа жүгіру
6. Мансурбаев Равиль – ядро лактыру
7. Макшат Мейиржан - 400 метр қашықтыққа жүгіру