Жансай Смағұлов: 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемде бәсекелестік өте жоғары

Жансай Смағұлов: 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемде бәсекелестік өте жоғары

Қазақстандық дзюдошылар Алматы қаласында "Дзюдо академиясында" Олимпиада ойындары алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасының мүшесі<span> </span>Жансай Смағұлов<span> </span>лицензияға қалай қол жеткізгені және де жарыстағы қарсыластары кім болатынын айтты

"Токио Олимпиадасына лицензия алу үшін Олимпиадалық рейтингте үздік 18 спортшының қатарына кіру керек болды. Ташкент қаласында өткен әлемдік Grand Slam жарысында жүлдеге ілініп, рейтингте 15-ші орынға көтерілдім. Іріктеу кезеңі аяқталғанша жарыстарда нәтижелі күрес көрсетіп, өз орнымды сақтап қалып, лицензияға қол жеткіздім. 

Басқа салмақ дәрежелеріне қарағанда, дәл менің салмағымда, атап айтқанда, 73 келіде бәсекелестік өте жоғары. Бір салмақ дәрежесінде үш Олимпиада чемпионы, бірнеше әлем және Азия, Еуропа чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Кімнің бабы мен бағы қатар келеді, сол жеңіс тұғырына көтеріледі", - дейді дзюдошы Жансай Смағұлов. 

 Айта кетерлігі, Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша бәсеке 24-31 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасынан<span> </span>Токио Олимпиадасына алты дзюдошы<span> </span>қатысады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или