Аягөздіктер «Қазақстан барысы» атанған Дәурен Нұралиновқа шапан жауып, ат мінгізді

Аягөздіктер «Қазақстан барысы» атанған Дәурен Нұралиновқа шапан жауып, ат мінгізді

«Қазақстан барысы» Дәурен Нұралинов туып-өскен жері Аягөзге келді. Жерлестері балуанды зор қошеметпен қарсы алды.

<span>Аягөз өңірінің мақтанышы, «Қазақстан барысы» атанған жас балуан Дәурен Нұралиновты халық орталық алаңда күтіп алды. Ақындар арнау айтып, аудан басшысы Сейілбек Ысқақов балуанның иығына шапан жауып, ат мінгізді. </span>

<span>«Аягөз - ежелден батырлар елі. Бабалардың батылдық пен қайсарлық рухын жалғаған Дәурен Нұралинов тек осы ел мен жердің ғана емес, күллі Қазақстанның мақтанышы», - деп атап өткен әкім спортшыға ақ батасын беріп, қошемет көрсетті.</span>

«Аягөз деген - алтын бесігім, туған жерім. Аталарымыздың аруақтарына құран бағыштап, сіздердің баталарыңызды алайын деп арнайы келдім. Пейілдеріңізге көп рахмет!. Аягөзіміз әрқашан жайнай берсін, батырлар шыға берсін», - деп ризашылығын білдірді Дәурен Нұралинов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или