Валерий Орехов «Барыста» қалады

Валерий Орехов «Барыста» қалады

Қорғаушы Валерий Орехов «Барыста» қалады, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі тараптың келісімшарты бір маусымға, 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған. 

Өткен маусымда «Барыс» түлегі ҚХЛ-да 33 матч өткізіп, 11 (2+9) ұпай жинаған.  

Еске салайық, бұған дейін Орехов финляндиялық «Хямеэнлинн» клубымен біржылдық келісімшарт жасасты деген ақпарат тараған. Кейін хоккейшінің агенті Игорь Парашкин ойыншы «Барыста» қалатынын айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или