Грек-рим күресі

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Грузиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтауға жақын

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Грузиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтауға жақын
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Олимпиада ойындарына Грузияда дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ертең, 9 шілдеде ұлттық құрама өкілдер басты бәсеке алдындағы соңғы халықаралық оқу-жаттығу жиынын аяқтайды.

25 маусымда басталған жиында қазақстандық 16 балуан шеберлігін шыңдап жатыр. Олар:

55 кг

1. Жақанша Хорлан

2. Бекболатов Аманғали

60 кг

1. Сұлтанғали Айдос

2. Айнағұлов Мирамбек

63 кг

1. Әсетұлы Сұлтан

67 кг

1. Кебіспаев Алмат

2. Шермаханбет Мейіржан

72 кг

1. Магомадов Ибрагим

77 кг

1. Ділмұхамедов Асхат

2. Шадукаев Тамерлан

3. Жадраев Демеу

4. Ережепов Мақсат

97 кг

1. Сырлыбай Олжас

2. Қордабай Мейірбек

130 кг

1. Сыздықов Әлімхан

2. Савенко Антон

Айта кетерлігі, грек-римнен Қазақстан құрамасынан Токио Олимпиадасына үш балуан қатысады. Токио боз кілемінде 60 келіде Мейрамбек Айнағұлов, 77 келіде Демеу Жадыраев және 87 келі салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Тұрсынов белдседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер