Әсет Серікбаев: Еркін күрес балуандарының дайындығын 70 пайызға бағалаймын

Әсет Серікбаев: Еркін күрес балуандарының дайындығын 70 пайызға бағалаймын

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев балуандардың Олимпиада қарсаңындағы соңғы дайындық кезеңі қалай өтетінін мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.

"Еркін күрес шеберлері жақында ғана Дағыстаннан оралды. Дағыстанда еркін күрестің қаншалықты жақсы дамығанын білесіздер. Бізге үздік балуандармен бірлесіп жаттығу жасау өте маңызды. Жаттығу кезінде Әли Әлиев атындағы халықаралық турнирге қатыстық. Бұл команда мүшелері үшін өз әлеуеттерін тексеруге арналған тағы бір мүмкіндік десек артық емес.

Кейбір балуандарымыз жақсы күресті, кейбірі жеткілікті деңгейде өнер көрсете алмады. Кей спортшыларды төрешілер аяқтан шалды. Десе де, бұл бәсеке біз үшін үлкен тәжірибе болды.

Енді балуандар 11 шілдеден бастап жаттығуды қайта жалғастырады. Алматыдағы "Ақ бұлақ" олимпиадалық базасында шеберлігімізді шыңдаймыз. Команданың қазіргі дайындығын 70 пайызға бағалаймын. Біздің міндет - балуандарды Олимпиадаға 100 пайыз бабында апару. Ал Токиоға 28 шілде күні ұшамыз", - дейді бас бапкер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0