Қазақстандық велошабандоздар Түркияда Гран-при додасында бақ сынады
 
                  Түркияда велоспорттан әйелдер арасында Гран-при бәсекесі мәресіне жетті. Olympic.kz аталған жарыстағы қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.
Қазақстандық Фаина Потапова жарыс қорытындысы бойынша 14-ші орынға жайғасты. Марина Кузьмина болса 15-ші, Жанерке Санақбаева 17-ші болып мәре сызығын кесті. Ал Светлана Пащенко - 20, Анжела Соловьева 26-шы болды.
Айта кетерлігі, велоспорттан Түркиядағы Гран-при жарысында өзбекстандық Ольга Забелинская жеңімпаз атанды.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или