ММА

Хабиб ММА әлеміндегі ең бай спортшылар тізіміне енді

Хабиб ММА әлеміндегі ең бай спортшылар тізіміне енді
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов (29-0) ММА спорты тарихындағы ең бай файтерлер рейтингісінде екінші орынға жайғасты, деп жазады Prosports.kz.

Аталған рейтингті South China Morning Post басылымы жасады.

Басылым дерегіне сай, ММА тарихындағы ең бай спортшы - екі салмақ дәрежесінде бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор. Ирландиялық спортшы қазірге дейін 400 миллион доллар тапқан. Ал екінші орынға Хабиб Нурмагомедов жайғасты, ресейліктің байлығы 40 миллион доллар. Үздік бестікке мына спортшылар енді: Жорж Сен-Пьер ($ 30 млн), Брок Леснар ($ 25 млн), Би Джей Пенн ($ 22млн).

Айта кетейік, Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін UFC 254 турнирінде өткізді. Америкалық Джастин Гэтжиді жеңген соң, мансабын аяқтайтынын жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер