Қазақстандық екі балуан еркін күрестен халықаралық турнирде олжа салды

Қазақстандық екі балуан еркін күрестен халықаралық турнирде олжа салды

Дағыстанның Каспийск қаласында еркін күрестен Али Алиевті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан еншісінде екі қола медаль бар, деп хабарлайды Olympic.kz

Екі жүлдені де аса ауыр салмақтағы балуандар иеленді. 

Олег Болтин дағыстандық Магомед Магомедовті ұтса, Юсуп Батырмұрзаев Кабардино-Балкария өкілі Тамерлан Кумышовтен басым түсті. 

Айта кетелік, бір күн бұрын 74 келідегі Данияр Қайсанов турнирде бестікке енген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или