Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігін аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігін аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар Будапешттегі әлем біріншілігін бір күміспен аяқтады деп жазады Olympic.kz. 

<span>Жекелей сындағы соңғы жарыс күнінде аса ауыр салмақта белдескен Ерасыл Қажыбаев іріктеуден өте алмады. Ерасыл бірінші кездесуде израильдік Ора Сассонды ұтып, екінші кезеңде тәжікстандық Темур Рахимовқа жол берді.  </span>

<span>Әйелдер арасында сынға түскен Назгүл Маратова мен Камила Берлікаш та бірінші кезеңде жарысты аяқтады.  </span>

<span>Бүгін командалық бәсеке басталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы Бразилияға 3:4 есебімен ұтылып қалды. </span>

<span> Айта кетелік, әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені Ғұсман Қырғызбаев салды. Ол 60 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Елдос Жұмақанов (66 келі) алғашқы бестікке енді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или