Әлем чемпионаты: Қазақстан жекелей сынды бір күміс жүлдемен аяқтады
Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жекелей сындар бойынша жарыстың соңғы күнінде Қазақстан сапынан татамиге үш балуан шықты.
Бүгін, 12 маусым күні Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан ерлер арасында 100 келіден жоғары, ал әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде өзара мықты анықталады.
Аса ауыр салмақта сынға түскен қазақстандық Ерасыл Қажыбаев іріктеу кезеңінен аса алмады. Ол алғашқы белдесуде израильдік Ор Сассонды жеңгенімен, екінші кездесуінде тәжікстандық Темур Рахимовқа жол берді.
Ал әйелдер арасында Маратова Назгүл мен Камила Берліқаш жарысты алғашқы айналымда-ақ аяқтады.
Айта кетерлігі, Қазақстан аталған әлем біріншілігінде бір күміс жүлде жеңіп алды. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Ғұсман Қырғызбаевқа тиесілі. Сондай-ақ, Мағжан шамшадин (60 кг) мен Елдос Жұмақанов (66 кг) қолаға қол созым жерден тоқтаса, Ислам Бозбаев (90 кг) жарысты жетінші орынмен аяқтады.
Ертең, 13 маусым аралас командалық сайыс бойынша өзара мықты анықталады. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін Бразилия құрамасына қарсы өткізеді.