Грек-рим күресі

Жақсылық Үшкемпіров туралы кітап жарыққа шықты

Жақсылық Үшкемпіров туралы кітап жарыққа шықты
news-banner7
mobile-news-top

Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы кітап жарыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Біртуар» деп аталатын деректі романды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан жазды. Туындының тұсаукесері Талдықорғанда өтті. Орыс және қазақ тіліндегі кітап мың данамен шықты. 5 тараудан тұрады. Онда даңқты балуанның балалық шағынан бастап ер жетіп, есею кезеңі қамтылған. Үлкен спортқа келуі, күрестегі әділетсіздікке мойымаған саңлақтың жанкешті еңбегі суреттеледі. Олимпиада шыңына дейінгі өнегелі өмірі баяндалады.

«Егер сіз ұлтжанды мемлекетшіл, отансүйгіш, батыр бала тәрбиелегіңіз келсе, Біртуарды оқыңыз. Егер сіз асыл азамат, адал дос, жақсы жар етіп бала өсіргіңіз келсе, Біртуарды оқыңыз. Мен осы кітабымның ішіне Жақсылықтың ең жақсы қасиеттерін кіргізуге тырыстым», - деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер