Еркін күрес

Әлішер Ерғали Польшадағы турнирде қола жүлде жеңіп алды

Әлішер Ерғали Польшадағы турнирде қола жүлде жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Варшавада еркін күрестен Вацлав Циолковски мемориалы жалғасуда. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz.

97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлішер қола медаль үшін күресте македониялық Магомедгаджи Нуровты жеңді.

Осы салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Серік Бақытханов 7-ші орын алса, 70 келіде бақ сынаған Талғат Сырбаз жарысты алғашқы бестікте аяқтады.

Бүгін турнирдің екінші жарыс күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер