Футзал

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчтар кестесін анықтады

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчтар кестесін анықтады
news-banner7
mobile-news-top

Литвада 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтетін футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионатына арналған ойындар күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 12 қыркүйекте Каунаста Коста-Рика құрамасымен өткізеді. 15 қыркүйекте сол жерде қазақстандық футзалшылар турнир қожайындары Литва құрамасымен кездеседі. Қазақстан құрамасы топтық кезеңді 18 қыркүйекте Вильнюсте Венесуэла командасына қарсы матчпен аяқтайды.

Егер Қазақстан құрамасы А тобының жеңімпазы атанса, онда ол өз тобында үшінші орын алған командалардың бірімен (C, D немесе E) 1/8 финалда ойнау үшін қайтадан Каунасқа барады. Матч 23 қыркүйекте өтеді. Егер қазақстандықтар топтық кезеңде екінші орынға тұрақтаса, онда 1/8 финалды бір күн бұрын С квартетінің екінші командасымен ойнауға тура келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер