Басқа

Коронавирус жұқтырмағанын растаған көрермендер Олимпиадаға кіре алады

Коронавирус жұқтырмағанын растаған көрермендер Олимпиадаға кіре алады
news-banner7
mobile-news-top

Жапония билігі коронавирустың жоқтығы туралы анықтамасы бар жанкүйерлерді Токиода өтетін Олимпиада мен Паралимпиадаға кіргізуге ниетті. Бұл туралы дүйсенбі, 31 мамыр күні, Yomiuri Shimbun газеті жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Covid-19 тестілеуі стадионға кіруден жеті күн бұрын жасалуы керек екендігі атап өтілді.

«Жарыс кезінде инфекцияны таратпау үшін спортшыларды қолдау үшін айқайлауға, тамақтануға тыйым салынады», – деп жазады басылым.

Сондай-ақ стадионға кірер алдында көрермендердің қызу өлшемі тексеріп, міндетті түрде маска тағуы керек. Ал вакцинациядан өткен адамдар тиісті құжаттарын көрсетеді.

Газет көрермендер коронавирусқа тестілеуден тегін өте алатынын айтады. Олимпиада ұйымдастырушылары күніне 400 мыңға жуық адамды тестілеуден өткізуге дайын.

Олимпиада ойындарын тамашалауға кіргізілетін жанкүйерлер саны маусым айында анықталады.

Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты жарыстар бір жылға кейінге қалдырылды, енді 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер