Еркін күрес

Данияр Қайсанов ресми түрде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Данияр Қайсанов ресми түрде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Данияр Қайсанов ресми түрде 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұл хабарламаны Біріккен күрес әлемі (UWW) жолдады. Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында Қайсанов 74 келіде бақ сынап, франциялық Зелимхан Хаджиевке есе жіберген еді. Алайда, Хаджиевтің допинг сынамасынан тыйым салынан зат табылды.

«Ересектер арасындағы әлем чемпионатында допингке қарсы ережелердің бұзылуына байланысты, сіздің салмақ дәрежеңіздегі рейтинг өзгертілді. Жаңа үлестірім бойынша, Сіз үшінші орын иеленіп, қола медаль аласыз. Сізді құттықтай отырып, алдағы мансабыңызға сәттілік тілейміз», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қайсанов пен Хаджиев арасындағы қола медаль үшін өткен белдесу 3:4 есебімен француздың пайдасына аяқталды. Қайсанов үшінші орын арқылы Қазақстан командасына лицензия әкелген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер