Ригадағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы ең нәтижелі командалардың үштігіне енді

Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайты Ригада өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен командалардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
<span>Қазақстан күтпеген жерден ең нәтижелі командалардың үштігіне енді. Құрама өзінің мүмкіндіктерін мүлт жібермеген командалар кестесінде Германиядан кейін екінші орынға тұрақтады. </span>
<span>Қазақстандықтар турнирдегі 6 ойында қарсыластарына 149 соққы жасап, олардың 21-і қақпа ішінен табылды. </span>
<span>Осылайша, Қазақстан құрамасының пайыздық көрсеткіші 14.09 болды, Германиянікі - 14.29. Мысал ретінде алғанда АҚШ-тікі — 9.92 болса, Ресей соққыларының 11.63 пайызын дәл көздеді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или