ЧЛ: «Манчестер Сити» - «Челси» матчының трансляциясы

29 мамырдан 30 мамырға қараған түні 2020/21 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының ақтық кездесуі өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Финалда англиялық қос клуб «Манчестер Сити» мен «Челси» кездеседі. Ойын Португалияның Порту қаласындағы «Драгау» стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.
«Челси» үшін бұл Чемпиондар Лигасының үшінші финалы (2008 жылы Мәскеуде «Манчестер Юнайтедке» пенальтиден ұтылып, 2012 жылы Мюнхенде «Баварияны» жеңіп алды). Ал «Манчестер Сити» алғаш рет ақтық сында өнер көрсеткелі отыр.
Чемпиондар лигасы финалының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или