Хоккей

«Барыс» швециялық қорғаушымен келісімшарт жасасты

«Барыс» швециялық қорғаушымен келісімшарт жасасты

Швециялық қорғаушысы Олле Альсинг «Барыс» хоккей клубына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншымен келісімшарт бір маусымға жасалды (2022 жылдың 30 сәуіріне дейін).

25 жастағы қорғаушы мансабының басым бөлігін өз елінде өткізді. Швецияның түрлі клубтарында өнер көрсеткен. 2020-2021 жылғы маусымында Альсинг Солтүстік Америкаға сапар шегіп, «Оттава» клубының жүйесінде өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0