Жеңілатлет Жанна Мамажанова Токио Олимпиадасына жолдама алды

Жеңілатлет Жанна Мамажанова Токио Олимпиадасына жолдама алды

Жеңілатлет Жанна Мамажанова Токио Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі qazathletics.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы Олимпиада ойындарының нормативін Австриядағы марафонда орындады. Мамажанова 42 км. 195 м. қашықтықта 2:29:01 уақытын көрсетіп, бірінші орын алды. 

World Athletics халықаралық қауымдастығы бұл жарыстың нормативі ретінде 2:29:30 уақытын санайды. Бұл Қазақстан еншісіндегі төртінші лицензия. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или