Ауыр атлетика

Аға жаттықтырушы әлем чемпионаты жайлы: Жастардың ең мықтылары тұғырда болады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Дмитрий Чурсин Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қатысты пікірін білдірді.

– Спортшылардың алдына қойған басты мақсатымыз-лайықты өнер көрсету, әлемдегі үздік үштікке ену. Барлық балалар-әлемнің, Азияның жүлдегерлері мен чемпиондары. Яғни олардың халықаралық аренада өнер көрсету тәжірибесі бар.

Өткен жылдың тамыз айынан бастап спортшылар еліміздің құрама сапында күшейтілген дайындықтан өтті, сондықтан жақсы нәтиже көрсетулері керек, ал ең мықтылары, әрине, тұғырда болады, - деді бапкер.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 23-31 мамыр аралығында Ташкентте өтеді.

Түпнұсқасы: wfrk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер