Хоккей

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Ак Барсқа» ауысты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Ак Барсқа» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазандық «Ақ Барс» Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков командаға ауысатындығын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«23 жастағы шабуылшы Кирилл Панюков «Ак Барс» сапына қосылды. Оның бұрынғы клубы «Барыс» ақшалай өтемақы алды. Ойыншымен келісімшарт 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін жарамды», - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2020/21 маусымында Кирилл ҚХЛ тұрақты чемпионатында Қазақстан астанасының клубы құрамында 33 матч өткізіп, +5 пайдалылық көрсеткішімен 16 (8+8) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінде ол алты ойында статистикасына 7 (4+3) ұпай қосты.

Жалпы, ҚХЛ-да Панюков «Барыс» сапында 140 матч өткізіп, 33 (18+15) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер