Басқа

Алматыда триатлоннан екі ірі республикалық сайыс өтеді

Алматыда триатлоннан екі ірі республикалық сайыс өтеді
news-banner7
mobile-news-top

2021 жылдың 12-13 маусымында Алматыдағы Сайран көлінде триатлоннан екі ірі жарыс өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған бәсекелер Elite санатындағы спортшылар арасында Триатлоннан Қазақстан Республикасы Чемпионаты және Pro и Age Group спортшылары арасында «TEMIRADAM» Кубогының ІІ кезеңі. 12 маусымда сайыс Elite санатындағы спортшылар арасында спринт қашықтығында додалар өтеді.

Қашықтық үш кезеңнен құралады: 750 м жүзу + 20 км вело + 5 км жүгіру. 13 маусымда Pro және Age Group санаттарындағы спортшылар арасында «TEMIRADAM» Кубогының ІІ кезеңі өтеді. Стандартты қашықтық үш кезеңнен, атап айтқанда, 1500 м жүзу, 40 км велодода және 10 км жүгіру бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер