Қазақстандық дзюдошылар Ресейде халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысуда
<span>Дзюдодан Қазақстан құрамасы Ресейде халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>
<span>Халықаралық оқу-жаттығу жиыны Ресейдің Қазан қаласында өтуде. Қазақстан құрамасының сапынан 25 спортшы тәжірибе алмасуда. Оқу-жаттығу жиынына қатысушылар арасында негізгі құрамнан Ерлар Серікжанов (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Дидар Хамза (81 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг), Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Елдос Жұмақанов (66 кг) және Мағжан Шамшадин (60 кг) бар.</span>
<span> Айта кетерлігі, жаттығу жиыны 15 мамырға дейін жалғасады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или