ММА

Рахмонов Алматыдағы жаттығу жиынын аяқтады

Рахмонов Алматыдағы жаттығу жиынын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін UFC файтері Шавкат Рахмонов (13-0) Алматыдағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы DAR Team Pro командасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Шавкат Рахмоновтың Медеу шатқалындағы оқу-жаттығу жиыны сәтті аяқталды. Екінші кезеңде ол Майамиде жаттығу жиынын өткізеді. Содан кейін UFC-дегі жекпе-жегі болады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Рахмоновтың келесі жекпе-жегі 26 маусымда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді. Отандасымыздың қарсыласы тәжірибелі бразилиялық Мишель Празерес (26-3).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер