Сондерс Альвареспен жекпе-жегі үшін 8 миллион доллар алады

Сондерс Альвареспен жекпе-жегі үшін 8 миллион доллар алады

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы бұрынғы чемпион Билли Джо Сондерс Сауль Альвареспен жекпе-жек үшін 8 миллион доллар алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Билли Джо Сондерс Альвареспен өткен жекпе-жегі үшін 8 миллион доллар тапты. Мансабына қауіп төндіретін жарақатын ескерсек, Сондерс өзін өмір бойына қамтамасыз етті», - деп жазды батыс басылымдары.

Еске сала кетейік, 9 мамырда таңертең Сауль Альварес пен Билли Джо Сондерс Арлингтонда (Техас, АҚШ) жекпе-жек өткізді. Мексикалық техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Британдық кездесуден кейін ауруханаға түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или