Әлем футболы

Ла Лига Өзбекстанда ауызашар ұйымдастырды

Ла Лига Өзбекстанда ауызашар ұйымдастырды
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz сайтының эксклюзивті серіктесі Испания Ла Лигасы Ташкентте ерекше шара ұйымдастырды.

Ла Лиганың биылғы маусымы қызып. Маусым соңы жақындады, чемпиондыққа үміткер «Реал», «Барса», «Атлетико» және «Севилья» командалары соңғы ойындарына баса назар аударып отыр.

Сенбі күні өткен «Барселона» - «Атлетико» матчы ораза кезіне тура келді. Сондықтан Ла Лига «Бунедкор» стадионында кішігірім іс-шара ұйымдастырды. Өзбекстан және тәжікстандық блогерлер, беделді адамдар және кәсіпкерлерге ауызашар беріп, матчты бірге тамашалады.

Prosports.kz - Ла Лиганың Қазақстандағы эксклюзивті серіктесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер