Күрес

Олимпиадаға жолдама алатын соңғы мүмкіндікті пайдалана алмадық

Олимпиадаға жолдама алатын соңғы мүмкіндікті пайдалана алмадық
news-banner7
mobile-news-top

Болгария астасында бүгін еркін, әйелдер және грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жолдамасы берілетін әлемдік іріктеу турнирі аяқталады.

Амал не, соңғы іріктеу турнирінде қазақстандықтар қажетті лицензияны ала алмады. Жалғыз жүлдені Жамила Бақбергенова еншілеген еді, өкінішке қарай, қола медаль үшін жолдама берілмейді.

Токио Олимпиадасына бару үшін балуандарымыз іріктеудің үш кезеңіне қатысты - 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионаты (1-ден 5-орынға дейін жолдама берілді), 2021 жылғы Алматыдағы Азия іріктеу турнирі (тек финалистер) және Болгариядағы әлемдік іріктеу (тек финалистер).

Балуандарымыз Олимпиада жолдамасының басым бөлігін Нұр-Сұлтанда еншіледі - 8 лицензия. Алматыда тағы үш жолдамаға иек болдық. Олимпиаданың соңғы жолдамасын Софияда алуға болар еді. Токиоға толық құраммен аттану үшін еркін күрес өкілдеріне 86 келіде ғана лицензия жетпей тұрған. Грек-рим мен әйелдер күресінен әлі үш жолдамадан алу керек еді. Өкінішке қарай, Болгарияда барлық балуанымыз сүрінді.

Осылайша, Токио Олимпиадасында еркін күрес жарысында алты салмақтың бесеуінде балуандарымыз бозкілемге шығады. Грек-рим мен әйелдер күресінде үш салмақта ғана спортшыларға жанкүйер бола аламыз.

Спортшыларымыздың Болгариядағы нәтижесі:

Еркін күрес

86 кг: Азамат Дәулетбеков ширек финалда жеңілді

Әйелдер күресі

57 кг: Алтынай Сатылған іріктеуде жеңілді

62 кг: Айна Теміртасова іріктеуде жеңілді

68 кг: Жамила Бақбергенова үшінші орын алды

Грек-рим күресі

67 кг: Алмат Кебіспаев ширек финалда жеңілді

97 кг: Олжас Сырлыбай іріктеуде жеңілді

130 кг: Әлімхан Сыздықов 1/8 финалда жеңілді

Қазақстан құрамасының күрес түрлерінен алған барлық жолдамасы:

Еркін күрес

57 кг – Нұрислам Санаев (ӘЧ-2019, 3-орын)

65 кг – Дәулет Ниязбеков (ӘЧ, 2019, 2-орын)

74 кг – Данияр Қайсанов (ӘЧ-2019, 3-орын)

97 кг – Ерғали Әлішер (ӘЧ-2019, 5-е орын)

125 кг – Юсуп Батырмырзаев (Азия іріктеуі, 1-орын)

Әйелдер күресі

50 кг - Валентина Исламова-Брик (ӘЧ-2019, 3-орын)

76 кг - Эльмира Сыздықова (ӘЧ-2019, 5-орын)

53 кг – Татьяна Аманжол (Азия іріктеуі, 2-орын)

Грек-рим күресі

60 кг – Мейрамбек Айнағұлов (ӘЧ-2019, 3-орын)

77 кг – Асхат Дәлмұхамедов (ӘЧ-2019, 5-орын)

87 кг – Нұрсұлтан Тұрсынов (Азия іріктеуі, 1-орын)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер