СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР

«Жетісу» - «Ақтөбе»: текетірес тарихы

«Жетісу» - «Ақтөбе»: текетірес тарихы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан чемпионатының 10-турындағы «Жетісу» - «Ақтөбе» матчы алдында екі клубтың өзара кездесулеріндегі статистиканы еске түсіреміз.

Алдағы ойын Талықорған мен Ақтөбе клубтарының өзара 47-ші матчы болады.

Бұған дейінгі 46-матчтың 19-ында «ақ-қызылдар» жеңсе, 12 кездесуде жетісулықтар басым болды. Командалар 15 рет тең түсті.

2020 жылғы маусымда командалар кездескен жоқ, өйткені «Ақтөбе» былтыр Бірінші лигада ойнаған болатын.

2021 жылғы маусымда чемпионаттың 9-турынан кейін ақтөбеліктер тоғыз ұпаймен 10-орында тұр. Таяуда команданың бас бапкері Алексей Бага қызметінен кеткен. Ал «Жетісу» бір ұпаймен 14-орында келеді.

Еске салайық, Қазақстан чемпионатының 10-турындағы «Жетісу» мен «Ақтөбе» матчы 9 мамырда Талдықорғанда өтеді, ойынның басталуы – елорда уақытымен 16:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер