Грек-рим күресі

Алмат Кебіспаев Олимпиада жолдамасын ала алмады

Алмат Кебіспаев Олимпиада жолдамасын ала алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев (67 кг) грек-рим күресінен Болгариядағы әлемдік іріктеу турнирінің ширек финалында жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир Болгарияда 6-9 мамыр арасында өтіп жатыр. Жарыс финалистері Токио Олимпиадасына жолдама алады.

Ширек финалда Кебіспаевтың қарсыласы француз Мамедасса Силла болды. Франция балуаны 5:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Олжас Сырлыбай мен Әлімхан Сыздықов турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды.

Осылайша, Қазақстан еншісінде грек-рим күресінен үш жолдама бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер