Олимпиадағы іріктеу жарысы: Әлімхан Сыздықов бірінші белдесуде жеңіліс тапты

Олимпиадағы іріктеу жарысы: Әлімхан Сыздықов бірінші белдесуде жеңіліс тапты

Грек-рим күресінен Қазақстан командасысының мүшесі жолдама жолындағы тағы бір белдесуді сәтсіз аяқтады. 130 келіде сынға түскен Әлімхан Сыздықов алғашқы айналымнан аса алған жоқ деп жазады ҰОК сайты. 

<span> Аса ауыр салмақта сынға түскен Сыздықов румыниялық Ален Алекук Чурарюға қарсы күрескен болатын. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды, алайда, жеңіс  соңғы ұпайды алған румыниялық балуанның еншісінде кетті.  </span>

<span>Қазақстан командасы тағы бір салмақта жолдамадан қағылды. Бұған дейін 97 келідегі Олжас Сырлыбай бірінші белдесуде тізе бүкті. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или