Грек-рим күресі

Нұр-Сұлтанда грек-римнен Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Нұр-Сұлтанда грек-римнен Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Елордада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 7-9 мамыр күндері грек-рим күрсінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықарлық турнир өтеді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтетін турнирде балуандар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей,Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен екі жүз елуден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен марапатталады.

Елдегі карантин талаптарына сәйкес халықаралық турнир жанкүйерлерсіз өтеді. Көрермендер жарысты Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 7 мамыр күні сағат 16:00 де өтеді. Өтетін орны: Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер