Күрес

Алтынай Сатылған мен Айна Теміртасова Олимпиада жолдамасын ала алмады

Алтынай Сатылған мен Айна Теміртасова Олимпиада жолдамасын ала алмады
news-banner7
mobile-news-top

Болгарияда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Олимпиада іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Бұл турнирде Токио Олимпиадасының жолдама сарапқа салынады. Жолдаманы турнир финалистері алады. Бүгін әйелдер күресінен медальдар иесі анықталды.

Қазақстандық Алтынай Сатылған (57 кг) бірінші турда жеңіліп қалды. Ол швециялық Сара Юханна Линдборгтен 4:2 есебімен жеңілді.

Айна Теміртасова (62 кг) да екінші турға өте алмады, ол польшалық Александра Волчинскаяға жол берді.

Қазіргі уақытта Қазақстан әйелдер күресінен Олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер