Футзал

«Сегіздік финал»: «Қайрат» қорғаушысы үздік ойыншылар тізіміне енді

«Сегіздік финал»: «Қайрат» қорғаушысы үздік ойыншылар тізіміне енді
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА әлеуметтік желідегі дауыс беру нәтижесі бойынша Футзалдан Чемпиондар лигасын «Сегіздік финалының» төрт үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің үздік ойыншысы атағы португалиялық «Спортингтің» 19 жастағы шабуылшысы Зики Теге бұйырды.

Екінші орынды «Барсаның» шабуылшысы Феррао иеленді. Ол «Сегіздік финалда» бес гол соқты. Жартылай финалда алматылық «Қайратқа» қарсы ойында хет-трик жасады.

Үздіктер тізімінде үшінші орынды «Қайрат» қорғаушысы Дуглас Жуниор алды. Ол командасымен бірге жартылай финалға дейін жетті. Сондай-ақ, Дуглас «Бенфикаға» қарсы ширек финалдық матчта Игуит алаңнан қуылғаннан кейін, «Қайраттың» капитаны болды.

Төртінші орынды испаниялық «Интер Мовистар» командасының шабуылшысы Сесилио иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер