«Ақтөбе» ФК вакцина салдырғандарды стадионға кіргізетін болды

«Ақтөбе» ФК вакцина салдырғандарды стадионға кіргізетін болды
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футбол клубы жанкүйерлеріне стадионға қалай кіру керегін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол үшін жанкүйерлер коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы қажет екен.

«Өз алаңымызда өтетін ойындарға кіру үшін жанкүйерлер толықтай вакцина алуы қажет.
Мұны стадион алдындағы арнайы автобуста жасауға болатынын жеткіземіз.

Еске салайық, вакцинацияның екі кезеңінен өткеннен кейін адам толық вакцина алған азамат болып саналады. Бірінші екпеден кейін 21 күн өткен соң, екіншісі мәрте екпе алуы қажет. Әрі қарай сізге қол жетімді eGov Mobile қосымшасында Covid-19-тан вакцинация алғаныңыз туралы электрондық паспорт беріледі», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер