Алексей Бага «Ақтөбемен» қош айтысты

Алексей Бага «Ақтөбемен» қош айтысты

«Ақтөбе» футбол клубы мен Алексей Бага арасындағы өзара келісім бойынша бас бапкер жұмысын тоқтатты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз, Алексей Анатольевичке алдағы бапкерлік мансабына сәттілік тілеп, жеңіс шыңын бағындыруын тілейміз.

Алдағы «Жетісу» командасына қарсы бас бапкер қызметін уақытша Владимир Зеленовский атқаратын болады. Владимир Викторович осыған дейін өткен маусымда бапкерімен қоштасқан «ақ-қызылдарды» жеңіске жеткізіп, премьер-лигаға қайта оралуына өзінің үлесін қосқан болатын», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, «Ақтөбе» ел чемпионатының алғашқы тоғыз турында тоғыз ұпай жинап, турнирлік кестеде оныншы орында тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или