Маңғыстауда өткен «Қазақстан Барысы» іріктеу турнирінің жеңімпазы анықталды

Маңғыстауда өткен «Қазақстан Барысы» іріктеу турнирінің жеңімпазы анықталды

Ақтаудағы Шоғы батыр атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Облысқа қарасты бес аудан мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан 14 балуан қатысып, мықтылар анықталды. Сайыс көрермендерсіз өтті. Жарысты тікелей тамашалауға Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев пен облыстық қазақ күресі федерациясының президенті, меценат Аббат Өрісбаев балуандарға ақ жол тіледі.

Облыстық жарыстың қорытындысы бойынша «Қарабура» есімімен танылған бейнеулік палуан Нұрдәулет Жарылғапов жеңімпаз атанды. Ақтаулық Жасұланбек Таңатов пен түпқарағаннан келген Оразалы Төлеев екінші және үшінші орынға ие болды. Үздік атанған спортшы шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан Барысы» Республкалық турнирінде бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или