Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді
14-16 сәуір күні Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтеді.
Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін байрақты бәсекеге Азия елдерінен 200-ге жуық татами шебері қатысады деп жоспарланған.
Үш күнге созылатын дүбірлі дода Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді.
Айта кетерлігі, аталған жарыс биыл төртінші рет ұйымдастырылғалы отыр.
Жарыс бағдарламасы 14 мамыр Жасөспірімдер
Жарыстың басталуы – 10:00 Финал – 17:00
Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг,
Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг, -52 кг,-57 кг,;
15 мамыр Жасөспірімдер
Жарыстың басталуы – 10:00
Финал – 17:00
Ұлдар: -81 кг, -90 кг, +90 кг
Қыздар: -63 кг, -70 кг, +70 кг
Жастар
Ұлдар: -60 кг, -66 кг
Қыздар -48 кг, -52 кг
16 мамыр Жастар
Жарыстың басталуы – 10:00
Финал – 17:00
Ұлдар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;
Қыздар: -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг.